Bugin

Дауылдың әсерінен мешіттің мұнарасы құлап, ғимараттардың шатыры ұшып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Түркияда дауыл салдарынан провинциялардағы елді мекендер зардап шекті. Қатты жел мешіт мұнарасын қиратып, ғимараттардың шатырын ұшырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Желдің жылдамдығы Анталияның орталығында сағатына 68,4 шақырымға, Кемер аймағындағы Сиглик шамшырағында 118 шақырымға жеткен.

Измирде күшті құйын тіркелді. Ыстамбұлда нөсер жаңбыр салдарынан Бахчелиэвлер ауданындағы метро станциясын су басты.