Bugin

26 сәуірде ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Синоптиктер 26 сәуірде Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары болатынын ескертті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Болжамға сәйкес, Қазақстан аумағының оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігіне әлі де оңтүстік циклон әсер етеді және атмосфералық фронттарға байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады. Тек еліміздің батысы мен солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.