Bugin
Фото: Атырау облысы Полиция Департаменті
Атырау облысында көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі бала тірідей жанып кеткен еді. Күдікті Оралға кетіп қалған. Ол қайтыс болған балалардың анасының танысы, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Атырау облыстық ПД бастығының орынбасары Болат Көшқалиевтің айтуынша, оқиға орнында тергеушілер жанармай қалдықтары бар ыдысты тапқан. Күдіктінің жақын маңдағы жанармай құю станциясынан бензин салынған контейнер сатып алғаны анықталды. Ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Тәртіп сақшылары күдіктіні Орал қаласынан апарар жолда ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.
31 жастағы күдіктіге қатысты “аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру фактісі” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.