Bugin

Алматыдағы автобус апатынан ата-анасынан айырылған жігіт сотта жантебірентер сөз сөйледі (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Былтыр 22 желтоқсанда автобус бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетіп, 3 адамның өмірін қиған еді. Алматыда автобус жүргізушісі Ермек Шөкебаеваны ұрған жолаушы Дархан Ахметжановқа қатысты сот процесі жүріп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Сот отырысында қайтыс болған азаматтардың туыстары сөз сөйледі.    Әкесі мен анасынан жазатайым жағдайда айырылып қалған Ерасыл Байдуалиев соттан осы қайғылы оқиғаға кінәлілерді жазалауды сұрады. Ол оқиғаға автобус жүргізушісі де кінәлі деп санайды.

"Мен ешкімді кешіре алмаймын. Мен ата-анамнан айырылып отырған адаммын. Олар менің тойымды да көрген жоқ. Мен үйдің үлкенімін. Мен әкем мен анамды жуындыра алмадым",- дейді жәбірленуші Байдуалиев.