Саясат

ОСК Тасмағамбетовтің сайлауға түсуіне қатысты жауап берді

Конституция бойынша Қазақстанның әр азаматы сайлауға қатысуға немесе дауыс беруге құқылы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина дипломатиялық қызметке байланысты қазір Қазақстанда тұрмайтын елші Иманғали Тасмағамбетов сайлауға түсе ала ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

БАҚ өкілдері Зәуреш Баймолдинадан Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов кезектен тыс президент сайлауына қатыса ала ма деп сұрады.

"Егер республикалық қоғамдық бірлестік оның кандидатурасын ұсынса, құжаттарын қарайтын боламыз", - деді ол ОСК отырысынан кейін.

Ол Конституция бойынша Қазақстанның әр азаматы сайлауға қатысуға немесе дауыс беруге құқылы екенін атап өтті.

"Президенттікке кандидаттарды ұсыну құқығы республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі. Олар кімді ұсынатынын өздері шешеді. Үміткерлерді ұсыну 28 сәуір сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Орталық сайлау комиссиясы бес күн ішінде үміткердің Қазақстан заңнамасында көрсетілген талаптарға сәйкестігін анықтайды", - дейді ол.

Елшілердің сайлауға түсуге құқығы бар ма деген сауалға былай деп жауап берді.

"Біріншіден, елші саяси мемлекеттік қызметші болып саналады. Егер ол кандидат барлық талапқа сәйкес келсе, яғни жасы қырықтан  асқан, тумысынан Қазақстан азаматы, мемлекеттік қызметте 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, соттылығы жоқ, жемқорлық қылмысын жасамаған, осының бәрі ескеріледі", - деді Баймолдина.

ОСК мүшесі бұған дейінгі президент сайлауында дипломатиялық қызметкер болған Ғани Қасымовтың кандидат болғанын атап өтті.

"Кандидаттың құжаттарын көрмей жатып, нақты жауап бере алмаймын. Орталық сайлау комиссиясы алқалық жиында үміткердің талаптарға сәйкестігін қарап, шешім шығарады", - деді ол.