Bugin

78 млн теңге: халықты алдаған Ресей азаматы сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

Туристерді 78 миллион теңгеге сазға отырғызған ресейлік сотталды, деп хаюарлайды Bugin.kz порталы Arbat.media-ға сілтеп.

Қостанайда туристік пакеттерді пайдаланып, шетелде демалуға уәде беріп, халықты алдаған Ресей тумасы сотталды. Оған 45-бап бойынша алаяқтық жасады деген айып тағылған.

Сотта анықталғандай, 2022 жылдың маусым айынан бастап 2023 жылдың маусым айына дейін Ф., туристік агенттік атын жамылып, туристерді алдап, жалған жолдама беріп келген.

Соның салдарынан 71 жәбірленушіге 78 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Әйел өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Сондай-ақ ол жәбірленушілерге өтемақы төлеуге уәде берді.