Bugin
Фото: ТЖМ
Су тасқыны жағдайы бойынша 35122 адам өз үйлеріне оралды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство хабарламасында:
"8 520 адам эвакуациялау пункттерін паналап отыр. 6082 тұрғын үй мен 2584 аула аумағынан су бұрылып, сорылды",-деп жазды.
Республикалық жедел құтқару жасағының қызметкерлері Орал қаласының 1-саяжай және 2-саяжай аудандарында 3 адамды және үй жануарларын құтқарды.
Батыс Қазақстан облысындағы жағдай тұрақталып жатыр. Жайық өзеніндегі су деңгейі біртіндеп төмендеп, түсіп жатыр. Сонымен қатар, ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтың тапсырмасы бойынша Маңғыстау және Қарағанды облыстарынан келген құтқарушылар тобы БҚО-нан Атырау облысына жөнелтілді. Өңірде су тасқынының екінші толқыны қаупі сақталып тұр.