Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Балқаш көлінің су деңгейі орта есеппен 15 сантиметрге көтерілген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 1 қаңтарда көлдің орташа су деңгейі 159 см болса, 1 сәуірде бұл көрсеткіш 174 см-ге жеткен.
"24 сәуірдегі жағдай бойынша Балқаш көлінің ең жоғары деңгейі Сарышаған су бекетінде тіркелген. Мұнда су деңгейі 210 см болды. Ал көлдің ең төменгі деңгейі - 140 см, Қарақұм су бекетінде белгіленді. Балқаш бекетінде су деңгейі 177 см, Мыңарал бекетінде 167 см болды",- делінген хабарламада.