Bugin
Фото: freepik.com
31 жастағы ер адам 5 жасар қызды үйінен алып кетіп, зорлаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kabarlar Инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Оқиға Қырғызстанда болған. Отызадыр ауылының тұрғыны көрші үйдегі жас қызды үйінен алып кеткен. Қыз есін жиғанда балмұздақ алып беретінін айтып, алдаған.
"Қызым ерте ұйықтап қалады. Терезеден кіріп, аузын жауып, алып кеткен. Жарты жолға барғанда қызым оянып "қайда бара жатырмыз?" десе, "анаңа барамыз" деген. Кең далаға алып барып зорлаған",- дейді қызыдың анасы.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті уақытша қамау изоляторында.