Bugin

27 жыл бала сүйе алмаған келіншек ана атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

"Ана болғым келеді" бағдарламасының кейіпкері Ақбаян Тілеуқұлова ана атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ақбаян Тілеуқұлова жарымен отандасқанына 27 жыл болған. Бірақ осы уақытқа дейін бала сүйе алмады. ЭКО жасатқан келіншек нұсқауымен 9 ай бойы арнайы мамандардың назарында болған. 

"Үйленген кезде 5 жыл бала сүймей тұра тұрайық деп екеуіміз келістік. Мен оқуымды бітірейін, жақсы жұмысқа орналасайын дедік. Құдайдың құдіреті, бізді баламен сынады. Қыз баласы кішкентай кезінен ана болуды ойлап, армандауы керек екен",- дейді Ақбаян Тілеуқұлова.

Келіншектің күйеуі де өз сезімін айтып берді.

"Жүрек дүрсілін естіген кезде көпке дейін өзіме келе алмадым. Космостан келгендей болдым. Жүрегім қоса дүрсілдеді",- дейді Сағынбай Қибасов.