Bugin

Өскеменде із-түзсіз жоғалған қарттың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Өскеменде 72 жастағы қарияның денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ШҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 21 сәуірде Ертіс полиция бөліміне ер адамның жоғалғаны туралы хабар түскен.

"Жедел-іздестіру шараларына полицейлер мен еріктілер тартылды. Алайда зейнеткерді табу мүмкін болмады. Тек 3 күн өткеннен кейін Өскемен су электр стансасы ауданындағы Левобережная көшесінде қарт адамның денесі табылғаны жайлы хабар түсті. Бұл жоғалған зейнеткер болып шықты. Оның денесінен көгерген іздер байқалмады. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген ақпаратта.

Ол 20 сәуір күні сағат 10:00 шамасында үйден шығып кеткен.