Bugin
Фото: Инстаграм @nazymkakharman
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман оның діншіл болғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әлеуметтік желіде Назым Қаһарманның оқырмандары Қуандық Бишімбаевтың діни көзқарасы туралы сұрақтар қойды. Назым Қаһарман Бишімбаевтің ата-анасы да дінге жақын екенін айтты.
"Ол ата-анасы сияқты әрқашан дінге жақын болды. Менің білуімше, ол бес рет кіші қажылыққа барған. Бірақ мен оның арқасында дін мен рухани дүние дегеннің екі түрлі нәрсе екенін түсіндім", - деп жауап берді Назым Қаһарман.
Еске салайық, Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова өлім ауызында жатқанда көріпкелге хабарласып, жағдайын сұраған.