Спорт

«Аякс» «Ювентусты» ұтып жартылай финалға шықты

Роналду командасын құтқара алмады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Чемпиондар лигасының 1/4 финалының қарымта ойынында «Аякс» клубы «Ювентусты» 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Бұл кездесу Турин қаласындағы «Альянц» стадионында өтті. Бас төреші ретінде Клеман Турпен болды.

Бірінші голды ойынның 28  минутында Миралем Пьяничтің бұрыштамадан көтерген добына бірінші болып жеткен Криштиану Роналду соқты. Бірнеше минут өткеннен кейін Донни ван де Бек есепті теңестірді. «Аякс» командасына жеңісті Матейс де Лигттің соққан голы әкелді.

Алғашқы ойында командалар 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Жартылай финалда «Аякс» командасы «Манчестер Сити» — «Тоттенхэм» жұбының жеңімпазымен кездесетін болады.