Bugin
Фото: Мәйіт. depositphotos.com
Өзбекстанның Хорезм қаласында бір әйел үйіне қонақ болып келген адамды өлтіріп, ауласына жерлеген. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі darakchi.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 2024 жылдың 17 сәуірінде болған.
Хорезм облысының прокуратурасының баспасөз қызметі:
"Урганч қаласының "Хамжихатлик" кентінде тұратын 1986 жылы туған әйел үйіне бұрыннан таныс 1975 жылы туған танысын қонаққа шақырған. Үйде олардың арасында ақшаға байланысты жанжал туындаған. Салдарынан үй иесі қонақты орамалмен тұншықтырып өлтірген",-делінген.
Марқұмның денесін күдікті үйінің ауласынан жер қазып, жерлеген. Күдікті әйел қамауға алынды. Оқиғаға байланысты алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.