Bugin
Фото: freepik.com
"Қазгидромет" РМК синоптиктері осы демалыс күндеріне арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мамандар 27 сәуірде елдің көп бөлігінде атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтілетінін атап өтті.
Бірақ 28-29 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр жауады.
"28 сәуірде-оңтүстікте, 29 сәуірде-солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. 29 сәуірде түнде республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар жауады",- делінген хабарламада.