Bugin
Фото: freepik.com
Павлодарлық тұрғын интернет арқылы қызбен танысып, оны кездесуге шақырған. Бірақ бйожеткен ер адамды сан соқтырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ер адамның белгісіз бойжеткенді үйіне шақырған. Бірақ бойжеткен кеткеннен кейін ер адам Samsung маркалы ұялы телефонының жоғалып кеткенін байқаған.
"Тергеу барысында қыздың уақыт жоғалтпай, ер адамның телефонының банктік қосымшасынан өзіне 57 мың теңге аударып үлгергенін, ал ұялы телефонын ломбардқа тапсырғаны анықталды. Түскен ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді",- делінген Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.