Bugin

Шымкентте курьер қоршауға соғылып қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: otyrar.kz

Ер адам скутермен қоршауға соғылып қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға 26 сәуір күні болған. 31 жастағы азамат курьер болып жұмыс істеген. Ол Желтоқсан көшесінде келе жатқан кезде астындағы көлігін басқара алмай, тұрғын үйдің темір қоршауына барып соққан. Алған жарақатынан ер адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.   

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде",- деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі.