Bugin
Фото: freepik.com
Синоптик мамандар еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова таныстырды.
"28-29 сәуірде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі, 28 сәуірде оңтүстік, 29 сәуірде солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. 29 сәуірде түнде республикамыздың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауған жаңбырдың арты қарға ұласады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде шаңды дауыл соғады деп күтіледі", - деді ол республикалық коммуникациялар орталығындағы брифинг барысында.