Bugin
Фото: Ақтөбе облысы ПД
Ырғыз ауданында далада жайылып жүрген малын қарап келуге кеткен ер адам өлі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 39 жастағы ер адамның денесі Ырғыз өзенінен табылды. Полиция бөліміне ер адамның жоғалғаны туралы хабар 25 сәуірде түскен.
"Полиция, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың күшімен іздеу шаралары ұйымдастырылды. Нәтижесінде 26 сәуірде Ырғыз өзенінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылды. Сараптама тағайындалды",-делінген полиция хабарламасында.
Ведомство өзен арнасының бұл бөлігі су басу аймағына жатпағанын нақтылайды.