Bugin

“-2 градус”: 28 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

"Қазгидромет" РМК мамандары 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Еліміздің батысына, шығысында, орталығында антициклон  әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша желдің күш алу сипаты басым, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ түседі, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығысында тұман болады деп болжанады. Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында -2°С суық болады деп күтіледі",- делінген хабарламада.

Қазақстанның солтүстік және оңтүстік өңірлерінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірдің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады.