Bugin
Фото: Видео скрині
26 сәуірде "МАЭК" ЖШС Маңғыстау облыстық әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп, ауыз су тарифтерін көтеруге байланысты қоғамдық тыңдаулар өткізді. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары 100 шелек әкелді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Адырна порталына сілтеме жасап.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыздар.
Жұмабай Қарағаев бұл қадамға бір текше метр судың көлемі қанша екенін көрсету үшін барған. Осылайша ол көпшілікті суды үнемдеуге шақырды.
"Біз еш ойланбастан 498-500 теңгеге газдалмаған ауызсуды сатып аламыз. Мұнда 100 шелек бар. 60 шелекті толтырсаңыз, мұны MAЭК секундына өндіре алады. Орташа талап етілетін тариф 398 теңге деп айтып жатырмыз. Мен жай ғана бұл қанша боларын көзбен көрсеткім келді. Біз "текше метр" деген өлшемге өте субъективті қарай бастадық. Мен баршаңызды объективті болуға шақырамын",-деді шенеунік.
Әлеуметтік желіде адамдар шенеуніктің іс-әрекетіне түрлі пікірлер жазды.