Bugin
Фото: freepik.com
Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева инстаграм парақшасына өзіне келген хаттардың бірін жүктеді. Келіншек түрмедегі күйеуінен зәбір көріп жүргенін жазған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
20 жылға бас бостандығынан айырылған ер адам қыз зорлап, оны өлтірген. Түрмеде отырса да келіншегіне сенбей, оған тыныштық бермейтін көрінеді.
"Түрмеде отырса да маған неше түрліні айтып, кінәлайды. Мен балам әкесіз өспесін деп оның үйінде жүрмін. Туысқандары күйеуімнің қамалғанына мені кінәлайды. Осы кезге дейін үзбей түрмеге барып тұрамын. Адалмын. Баламмен ант етемін",- делінген хатта.
Әйел адам хат соңында шыдамының таусылғанын жазған.