Bugin

Құмар ойынынан емделіп жүрген ер адамның әйелімен сөйлескен видеосы тарады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Әлеуметтік желіде құмар ойынынан емделіп жүрген ер адамның отбасымен сөйлескен видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Видеода ер адам әйелімен және қызымен сөйлеседі. Оған сөйлесуге 10 минут уақыт берілді. Ер адам келіншегі қоңырауды алған сәтте жылап жіберді. Әйелі: 

"Бізде бәрі жақсы. Уайымдама. Мен жұмыс істеп жүрмін. Қызымыз оқуын оқып жүр. Бәрі жақсы. Қызым жанымда. Бақытты. Қызыңа "әкең хабарласып жатыр" деп едім, ол қуанып кетті",- деп күйеуіне қолдау білдірді. 

Желі қолданушылары жігіттің әйеліне ризалығын білдіріп жатыр.