Bugin
Фото: Видео скрині
Bilgen durys YouTube арнасында Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетін басқарған, жазықсыз түрмеге тоғытылған Ислам Әбіш сұхбат берді. Ол Кәрім Мәсімовтың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.
Ол Кәрім Мәсімовтың айналасында жүрген адамдар қазіргі таңда Құқық қорғау органдарында отырғанын айтты.
"Кәрім Мәсімов ұсталғанда таңқалған жоқпын. Оны мен алдын ала білдім. Ол өзінің Отанын қарызға батырды. Өте үлкен сатқындық сол кезде басталған. Алла тағала бәрін көріп тұр. Оның түрмеде жағдайы жасалып қойғанына күмәнданбаймын. Ол біраз уақыттан кейін шығып кетуі де мүмкін",-деді Ислам Әбіш.
Саясаткер сотта әділдік жоқ екенін айтты.