Bugin
Фото: Серік Беркамалов парақшасынан
Ер адам балаларының көзінше бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz-ке сілтеп.
Әйел адамның бұрынғы жұбайының қолынан қаза тапқаны туралы жантүршігерлік ақпаратты әлеуметтік желіде құқық қорғаушы Серік Беркамалов жариялады.
Белгілі болғандай кісі өлтіру дерегі Қарағандыда 25 сәуір күні болған. Марқұм болған әйел күйеуімен 10 жылдан астам уақыт бұрын ажырасқан екен. Алайда экс-жұбайы оның әрқашан ізіне түсіп, маза бермеген деген де болжам бар.
Марқұм көзі тірі кезінде полицияға жүгінген. Алайда күдікті әр жолы күдікті жазасыз қалып, органдарда таныстары барын айтып, мақтанған.
Ал 25 сәуірде ер адам әйелге кәмелетке толмаған балаларының көзінше бірнеше рет пышақ сұққан.
"Ұлы сол күні әкесінің бәрін одан кейін өзін өлтіремін деп қорқытқанынан кейін кешке полицияға қоңырау шалып, анасын қорғамақ болған. Оның шағымынан кейін екі полиция қызметкері келіп, тіпті қауіп-қатер мен жанжалға, оның мас күйіне куә болса да ештеңе жасамаған! Әйел мен балаларды абьюзермен жалғыз қалдырып, кетіп қалған! Екі сағаттан кейін ол Гүлмираны суық қарумен пышақтап, пәтерден қашып кетті. Балалар ғажайыппен зардап шеккен жоқ, олар дереу полиция мен жедел жәрдем шақырды", - деп жазды Беркамалов Instagram парақшасында.
Ең өкініштісі, әйел адам небәрі 52 жаста болған. Оның артында 16 жасар қызы мен 14 жасар ұлы қалды. Құқық қорғаушы марқұмның балаларына тегін құқықтық және психологиялық көмек көрсетілетіні хабарлады. Кәмелетке толмаған балаларға Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді көмектесетіні де айтылуда.