Bugin
Фото: Видео скрині
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы ресейлік блогер Наталья Грейске сұхбат берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көріңіз.
Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева қоғамдық ортада көрген адамдардың қолдап кететінін айтты.
"Ол біздің жалғыз баламыз. Әлеуметтік желіде негатив материал көп. Бірақ жақсы адамдар да көп. Жағалауда жүрген кезімде шамамен 40 жастағы әйел келіп, "апай, сіз Қуандық Бишімбаевтың анасысыз ғой? Бекем болыңыз, біз сізді түсінеміз, сізді қолдаймыз" деді",- дейді Қуандық Бишімбаевтің анасы.
Альмира Бишімбаева ұлын жақсы көретінін айтты.
"Ұлымды өте қатты жақсы көремін, ұлымызбен мақтанамыз. Бірақ осындай жағдай болып қалды. Неге бұлай болғанын әкесі екеуіміз де түсіне алмадық. Ол қатал адам болған емес. Бала күнінен өзіне жауапкершілікті ала білетін адам болған",- дейді Әлмира Бишімбаева.
Қуандық Бишімбаевтың әкесі де бұл сөздерге келісті.