Bugin
Фото: Bugin.kz
Бүгін Бишімбаевтың сот отырысында тосын жағдайлар болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Соттың бірінші бөлімі сағат 10:00-де басталып, небәрі 8 минутқа созылды. Себебі, айыпталушылар сот залына жеткізілмеген. Тараптар айыпталушыларсыз сот отырысы жалғаспағаны дұрыс екенін мақұлдады. Судья айыпталушылар 12:00-де келетінін айтып, сотты 14:30-ға шегерді.
Соттың екінші бөлімі межелі уақытта басталды. Прокурор Саяхат Нұрбеков оқиғадағы Байжановтың ісіне қатысты айыптауға өзгеріс енгізді. Енді айыпталушы Бақытжан Байжановтан 434-бап "аса ауыр қылмысты хабарламау" алып асталмақ. Байжанов 432-бап "аса ауыр қылмысты жасырып қалу" бойынша жауапқа тартылады.
Байжановтың адвокаты 2-3 күн уақыт беруді сұрап, судьяға жүгінді. Судья сот отырысын 2 мамырға дейін шегерді.