Спорт

Головкин Стив Роллспен кездеседі

Ресми

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин келесі кездесуін 8 маусым күні (Қазақстан уақытымен 9 маусымда) өткізеді.

Оның қарсыласы ретінде 35 жастағы канадалық Стив Роллс аталды. Бұл туралы DAZN компаниясының Твиттердегі ресми парақшасында жарияланды. Кездесу Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасында өтеді.

Головкин үшін бұл кездесу, Сауль Альварестен жеңіліс тапқаннан кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ.

Стив Роллс (19-0, 10 КО), соңғы кездесуін 2018 жылдың желтоқсанында өткізген. Оның алдыңғы жекпе-жектерінде бірде бір атақты қарсылас жоқ. Бокс саласындағы төрт атақты ұйымның біреуінің ТОП-15 қатарында. IBF рейтингінде 9 орында.