Bugin
Фото: polisia.kz
Қазақстан, Украина және Чехия полициясы интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобын жойды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде шетелдік азаматтардың алаяқтық әрекеті әшкереленген. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктілерді анықтаған.
ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев:
"Министрліктің қызметкерлеріне Украина Ұлттық полициясы мен Чехия полициясы бірігіп алаяқтарды анықтаған. Бірлескен топ интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобының әрекетіне тосқауыл қойды", – деді.
Запорожье қаласында алаяқтардың екі call-орталығы жойылды. Қаскүнемдер өздерін банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, қазақстандықтарға қоңырау шалған. Олардың шот деректерін алуға тырысқан. Іске қатысы бар 9 адам ұсталды. 17 компьютер, 62 мобильді құрылғы, сондай-ақ 35 грамм “метадон” препараты тәркіленген.
Одесса қаласында үш алаяқтық call-орталық таратылды. Жалған инвестициялық компанияларға қаржы салу сылтауымен интернет-алаяқтық жасаған. Мұнда 23 адам ұсталды. 9 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 8 автокөлік, 58 ноутбук, 52 смартфон, 100-ден астам sim-карта, сондай-ақ 200 мың АҚШ долларынан астам сомаға цифрлық активтер тәркіленген.