Bugin

Алматы облысында оқушы қыз мектепте қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматы облысында 10 жасар оқушы қыз сабақ үстінде кенеттен ауырып, көз жұмды, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы облыстық Білім басқармасына сілтеме жасап.

Оқиға 23 сәуірде болған. Қарасай ауданы Қошмамбетов атындағы мектепте сабақ кезінде 4-сынып оқушысы есінен танып қалған.

Медициналық көмек көрсетілгенімен, нәтиже болмаған. Қыз бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Ата-анасы мектеп басшылығы мен жедел жәрдем қызметкерлерін әрекетсіздігі үшін және немқұрайлығы үшін кінәлап отыр.