ДЕНСАУЛЫҚ

Америкада адамға алғаш рет жасанды жүрек пен шошқа бүйрегі салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Трансплантация басталғанға дейінгі операция бөлмесінен алынған сурет. NYU LANGONE HEALTH

54 жастағы Лиза Писано  күрделі ота жасау арқылы аман қалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Доктор Питер сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нью-Йорк университетінің Медицина мектебінің хирургтары ерекше ота жасады. Олар адамға жасанды жүрек насосы мен шошқаның генетикалық түрлендірілген бүйрегін біріктіріп трансплантациялау операциясын жасады.

Бұл отаны әлемде алғашқы болып 54 жастағы науқас Лиза Писано жасатты. Әйелдің диагнозы – жүрек  жеткіліксіздігі және бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысы . Сонымен қатар, Лизаның басқа да созылмалы аурулары анықталып, отаның сәтті өтуіне кедергілер көп болды. Осы себепті әйелге  адам ағзасы трансплантация жасалған жоқ.

Лизаның өмірін құтқаратын операция 2 бөлімнен тұрды. Бірінші әйелге жүрек сорғысы орнатылды. Осы сорғының арқасында жүрек дұрыс жұмыс істейді.

Бірнеше күннен кейін Лизаның ағзасына дәрігерлер генетикалық түрлендірілген шошқаның бүйрегін салды. Жануарды донор болуға арнайы дайындаған.  Оның геномы өңделіп, тимус безі өзгертілген.

Дәрігерлер бұл механикалық жүрек насосы арқылы адамға ағзаларды ауыстыратын әлемдегі бірінші операция, сондай-ақ шошқа бүйрегі тірі реципиентке екінші рет трансплантацияланғанын атап өтті.

Дәрігерлер Лиза Писано ұзақ өмір сүретініне сенім білдіреді. Қазір ол әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Оны дәрігерлер қадағалап жатыр.  

Науқас отадан кейінгі жағдайы туралы:

"Мен тек жақсы өмір сүргім келеді. Немерелерімнің өсіп келе жатқанын көріп, уақыт өте аз екенін түсіндім. Сондықтан шошқаның ағзасын ауыстыруға келістім. Дәрігерлер мен отбасым мені қолдады. Оларға алғысым шексіз", - деп айтты.