Bugin
Фото: freepik.com
Синоптиктер мамыр айының алғашқы күндеріне ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Казгидромет орталығына сілтеме жасап.
Болжам бойынша, Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі.
"01-02 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады, түнгі уақыттарда жаңбырдың қарға ұласуы ықтимал, найзағай, еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады деп болжануда",- делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынған едік.