САЯСАТ

Адольф Гитлердің өлімі: ақиқат па, аңыз ба?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Адольф Гитлер. GLOBAL LOOK PRESS

Бүгін, 30 сәуір – Адольф Гитлердің жаны үзілген күн. Ол – саясаткер, фюрер, рейхсканцлер әрі аңыз адам. Дақпырты мен ақиқаты егіз аңыз тұлғаның 79 жыл бұрынғы оқиғасы туралы Bugin.kz тілшісі ақпарат береді

Гитлердің өліміне қатысты бірнеше ақпарат бар. Кейбір дереккөздерде өзіне қол жұмсаған десе, енді бірінде аман қалып, бай-қуатты өмір сүргені туралы айтылады. Сонымен әр нұсқаға тоқтала кетейік.

Суицид жасады

Фото: Гитлер мен жары. GLOBAL LOOK PRESS

Фото: Гитлер мен жары. GLOBAL LOOK PRESS
Фото: Гитлер мен жары. GLOBAL LOOK PRESS

Адольф Гитлер 1945 жылы 30 сәуірде Берлиндегі фюрербункерінде  ( жерасты баспана-авт) өзін атып өлтірді. Сол уақытта Қызыл Армия Рейхстагтың бірінші қабатын бақылауға алды және Рейх канцлериясынан небәрі 700-750 метр жерде болды. Фюрердің әйелі Ева Браун да калий цианидін ішіп, суицид жасаған. Дәл сол күні олардың мәйітін бункердің авариялық шығу жолы арқылы баспалдақпен көтеріп, баққа шығарған. Бункер сыртындағы бақта бензин шашып мәйіттерді өртеп жіберген.

Кеңестік барлау органдары да, одақтастардың тиісті қызметтері де куәгерлерден жауап алған. Олардың жауабына сәйкес, 1945 жылы 30 сәуірде Берлинде Кеңес әскерлерінің қоршауында Гитлер мен оның әйелі Ева Браун суицид жасап қайтыс болған.

Қашып кете алды

Англиялық тарихшы Джерард Уильямстың "Сұр қасқыр: Адольф Гитлердің қашуы" кітабы 2011 жылы жарық көрді. Автор Гитлер шын мәнінде оқиға орнынан жасырын жолмен қашып кеткен деген нұсқа ұсынады. Ал өлімі қолдан жасалған деген тарихи деректегі ақпаратты жоққа шығарады.

Ағылшын тарихшысының айтуынша, 27 сәуірде Гитлер мен Ева Браун бункерден жасырын туннель арқылы қашып кеткен. Содан кейін неміс ұшқышы Питер Баумгарт оларды Испанияға жеткізген. Испаниядан олар сүңгуір қайықпен сапарын жалғастырған. Мартин Борман есімді азамат 1943 жылы Анд тауларының етегінде оларға пана дайындайды. Уильямс Гитлер 1962 жылы қайтыс болып, артында екі қызы қалды деп жазады. Уильямс америкалық барлау қызметкерлері Гитлердің тірі екенін білген деген нұсқа ұсынады.

Журналист Төреғали Тәшенов ұсынған нұсқада Гитлер Мальдив аралындағы базасында 1981 жылы көз жұмғаны айтылады. Гитлер 1943 жылдан бастап жасырыну үшін өзіне ұқсас адамды елдің алдына жіберіп, өзі Польшадағы теңіз базасында тұрған деген нұсқаны жазған.

P.S. Француз ғалымы Филипп Шарлье 2017 жылдың наурыз-сәуір аралығында Гитлердің тісіне талдау жасайды. Ресейліктерден алынған сүйектің зерттеу қорытындысын ол European Journal of Internal Medicine ғылыми журналында жариялаған.

Филипп Шарлье жасаған сараптама қорытындысы арқылы Гитлердің 30 сәуірде қайтыс болғанын растаған.