Bugin
Фото: alash.kz сайтынан алынды
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданына қарасты Шәмші Қалдаяқов ауылында 24 сәуірде оқушының мәйіті табылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі alash.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқушының денесі кешкі уақытта ауласындағы сарайда асылып қалған күйде табылған. Оның неліктен суицид жасағаны әлі белгісіз.
Қайғылы оқиға туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасы мәлімдеді.
Ақтөбе облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, жасөспірім мен анасымен арасында келіспеушілік болған.
Ақтөбе облыстық білім басқармасының мәлімдемесінде:
“Мектеп директорының аудандық білім бөліміне жіберген хабарламасы бойынша бала таңертең анасымен сөзге келіп, анасы телефонын алып қойған. Анасының айтуынша соңғы екі күн көп ұйықтайтын болған. Телефонда көп уақыт өткізген. Ол туралы анасы ешкімге айтпаған”,- делінген.
Толыққанды отбасыда тәрбиеленген оқушының неліктен бұндай қадамға барғанын полиция зерттеп жатыр.
Ақтөбе облысытық полиция департаментінің хабарламасында:
“24 сәуір күні кешкілік уақытта Шәмші Қалдаяқов ауылында 2010 жылы туылған 9 сынып оқушысының асылған түрде денесі табылды. Өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр”,- делінген.