Bugin

Мектеп есепшілері 7 жыл бойы 130 миллион теңге жымқырған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Мектеп есепшілері 7 жыл бойы жоқ мұғалімдердің атынан заңсыз жалақы алып отырған, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана  қаласының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, мемлекетке  келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 миллион теңгеден асқан. 

"Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілді",- делінген хабарламада. 

Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады.