Bugin
Фото: depositphotos.com
Француз актері Жерар Депардье сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен сотталады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
BFMTV телеарнасы 75 жастағы актердің дүйсенбі күні таңертең Париж полиция бөлімшесіне шақырылғанын хабарлады. Депардьеге 2014 және 2021 жылдары фильм түсірілімінде бірге жұмыс істеген әйелдердің арызы бойынша айып тағылған. Адвокаты Депардье сол күні қамаудан босатылғанын айтты. Актер өзіне тағылған айыптарды мойындамаған. Депардьеге 2021 жылы да осы тектес айып тағылған еді.
Париж прокуроры BBC-ге:
"Мен оның тұтқындалуынан кейін Ж. Депардьеге қылмыстық сотқа шақыру қағазы берілгенін растаймын", - деді.
Прокурор:
"Ол 2021 жылдың қыркүйегінде "Les volets verts" ("Жасыл жапқыш") фильмін түсіру кезінде екі жәбірленушіге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін 2024 жылдың қазан айында сотталады",-деп айтты.
2020 жылы актерге 2018 жылы 22 жаста болған актриса Шарлотта Арнольдты зорлады деген айып тағылды. Дүйсенбі күні кешкі мәлімдемеде прокурор:
"Сонымен қатар, Ж.Депардье 2018 жылдың тамызында Шарлотта Арнольдқа қатысты жасалған зорлау және сексуалдық зорлық-зомбылық қылмыстары бойынша (жеке іс бойынша) тергеліп жатыр",-деді.
Депардьені оннан астам әйел сексуалдық зорлық жасады деп айыптаған. Депардье айыпты мойындамай, бәрінің келісіммен болғанын айтқан.