Bugin
Фото: Өгей әкенің қатігез әрекеті. dinatansari инстаграм парақшасынан алынған
Жыл басында шымкенттік қыздың өгей әкесінен жәбір көргені туралы видео тарады. Оны қыздың туыс әпкесі желіге жариялап, көмек сұраған еді. Оқиға қалай өрбігені туралы Bugin.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Туыс әпкесінің шағымынан соң, жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді.
Осы жылдың қаңтар айында балаларды қорлаған видео тараған еді. Кадрда белбеуін бұлғап тұрған жартылай жалаңаш еркек көрінеді. Ол балағат сөздер айтып, балалардың бөлмені тазаламағанын айтып айғайлайды.
Видеоны желіде 14 жастағы қыздың туыс әпкесі жариялаған.
Жәбірленушінің туысы Маргарита Тымчук:
“Біздің ұстанымымыз – баланың болашақ өміріне көмектесу және қорғау. Бала білім алады, дамуы керек. Оған физикалық, моральдық немесе жыныстық қауіп төндірмеу керек. Туысқанымызға ешкім қауіп төндірмеуі үшін біз оны асырап аламыз”,-деп айтты.
Маргаританың жиені өгей әкесінің заңсыз жыныстық әрекеттеріне шағымданған. Дегенмен, мұндай салмақты талаптардың мықты дәлелдері болуы керек, оны сарапшылар анықтауы керек. Әзірге бұл факт әлі зерттелген жоқ.
Жәбірленушінің туысы Маргарита Тымчук:
“Бұл ақпараттың қаншалықты сенімді екенін сот анықтайды. Өйткені баланың айтуынша, бала 2017 жылдан бері көмек сұрап жүр”,-деп айтты.
Қоғамдық наразылықтан кейін қызды отбасынан алып, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырды. Мекеме қызметкерлері жәбірленушінің анасына азаматтық іс қозғады. Өгей әкенің балаға қатыгездік жасау фактілері сотта расталды. Әзірге жауапкершілікке тек анасы ғана тартылды. Әйелдің аналық құқығы шектеліп, алимент өндірілді.
Әйел жағдайды реттеп, аналық құқығын қалпына келтіре алады. Сот үкімінде әйелдің қандай мерзімге ата-ана құқығынан айырылғаны көрсетілмеген.