Bugin

eGov mobile қосымшасының бұзылғаны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Инстаграм @egov.kz

Желіде 1414-тен келген SMS-ті ашпау керек екені туралы хабарландыру тарады. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қауымдастығы eGov mobile қосымшасы мен сайтының бұзылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Bugin.kz

Bugin.kz

Бұған дейін желіде eGoV mobile қосымшасы мен сайтының бұзылғаны туралы ақпарат тараған еді. Аталған қосымшаның әлеуметтік желідегі парақшасында бұл ақпараттың жалған екені  жазылды.

"1414 номерінен келген хабарлама жалған емес. Бұл хабарлама eGoV mobile-да тіркелмеген пайдаланушыларға жіберілді",- делінген хабарламада.

eGoV mobile мобильді қосымшасы сауалнамадан өту үшін және жаңалықтарды хабарлау үшін жеке SMS хабарламалар жібереді.