Bugin
Фото: depositphotos.com
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Бұл туралы Bugin.kz ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған дейін соңғы қоңырау рәсімі өтпейтіні хабарланған еді. Тек сынып сағаты өтеді деп айтылған. Министрдің айтуынша, бірыңғай сынып сағаты 24 мамыр күні 1-10 сынып оқушыларына өткізілетін болды.
Министр Ғани Бейсембев:
"Еліміздегі 186 мың мектеп бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырамын.
Биылғы жылдың түлектері аталған іс шараны жоғары мәдениеттілікпен, ысырапшылдықсыз, даңғазалықсыз, рухани-адамгершілік деңгейінде өткізетіндіктеріне сенімдімін. Бұл болашақ түлектер үшін өнегелі дәстүрге айналған жаңа форматтағы жоғары мәдениетті алғашқы шара болары сөзсіз",-деп айтты.
Министр өңірлік білім басқарамаларының басшыларына ұйымдастыру мен қауіпсіздік сақтауды тапсырыды.