Bugin
Фото: gov.kz
Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламады.
Еске салайық, Бағдат Мусин бұл қызметке 2020 жылы қыркүйегінде тағайындалған еді.