Bugin
Фото: gov.kz
Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Жетісу соттарына сілтеме жасап.
Жетісу облысының Талдықорған қалалық сотында Марат Күштібаевқа қатысты қызметтік міндеттерін орындау кезінде зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық іс қаралды.
Еске салайық, 2023 жылғы 12 қарашада экс-басшы өзінің қызметтік кабинетінде қыз зорлаған.
"Сот үкімімен К. ҚК-ның 120-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды",- делінген хабарламада.
Іс жабық сот отырысында қаралады.