Bugin

“Қыз зорлаған”: Талдықорған полициясының экс-басшысына қатысты сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gov.kz

Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Жетісу соттарына сілтеме жасап. 

Жетісу облысының Талдықорған қалалық сотында Марат Күштібаевқа қатысты қызметтік міндеттерін орындау кезінде зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық іс қаралды.

Еске салайық, 2023 жылғы 12 қарашада экс-басшы өзінің қызметтік кабинетінде қыз зорлаған.

"Сот үкімімен К. ҚК-ның 120-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды",- делінген хабарламада. 

Іс жабық сот отырысында қаралады.