Bugin

“Қатаң ескертемін”: министр соңғы қоңырау шарасы қашан өтетінін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Ол соңғы қоңырау шарасы 25 мамырда өтетінін ескертті, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын қатаң ескертемін. Оқу бағдарламаларын  жыл бойына табысты меңгерген 3,8 миллионнан астам оқушылар келесі сыныптарға көшірілсін. Мектептің 1-10 сынып оқушыларына "Білімім Отаныма" тақырыбындағы Бірыңғай сынып сағаттарын өткізу 24 мамыр жұма күніне жоспарлансын. Еліміздегі 186 мың мектеп бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына арналған Соңғы қоңырау іс-шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырамын. Оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша өңірлік білім басқармаларының басшыларына дербес жауапкершілік жүктеймін",- деді министр.

Министр биылғы жылдың түлектеріне аталған іс шараны жоғары мәдениеттілікпен, ысырапсыз өткізуді тапсырды.