Bugin

Еліміз бойынша 1-3 мамырға арналған ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын хабарлады, – деп ақпарат береді Bugin.kz порталы.

"Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ-да өткен брифинг барысында жақын күндері ҚР басым бөлігінің ауа райына атмосфералық фронтальды бөліктер әсер ететінін, оған байланысты еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауатынын айтты. 

"Республикамыз бойынша күн райының бұзылу сипаты, атап айтқанда, найзағай ойнап, желдің күшеюі күтіледі. Ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта бұршақ түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста дауыл тұрады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, батыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте тұман болады деп болжанады", - деді спикер.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында, Ақмола, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде 1-6 градус үсік жүреді деп күтіледі. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61