Bugin

Су тасқынынан кейін қанша адам өз үйлеріне оралды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ОКҚ

Елімізде су тасқыны салдарын қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Республика бойынша 41 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды, – деп хабарлайды Bugin.kz поралы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында Атырау облысы жіті бақылауда екенін мәлімдеді. 

"Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жалғасуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 37 мың қапшық, 685 тонна инертті материал төселді. Құлсары қаласында су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 216 мыңнан астам текше метр су сорылды",– деді спикер.

Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 184 тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылған.