Bugin
Фото: инстаграм @almaty_tjd
Алматыда өрт шыққан пәтерден 27 жастағы келіншектің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
1 мамырда Алматыдағы Әуезов ауданында төрт қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.
Ведомство мәліметінше, 30 шаршы метр аумақты шарпыған өрт 05:45-те ауыздықталып, 05:52-де сөндірілді.
"Өрт орнынан 1990 жылы туған Б. атты азамат 7-қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды",- делінген хабарламада.
Сонымен қатар 1997 жылы туған әйелдің мәйіті табылды.