Bugin
Фото: dzen.ru
Лондонда қылышпен қаруланған ер адам өзгелерге шабуыл жасағаны анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы BBC-ге сілтеме жасап.
Самурай қылышымен ер адам бір баланы жаралап, өлтірген. Оқиғаның қалай болғанын куәгерлер баяндап берді.
"Жатын бөлменің терезесінен бәрін көрдім. Ол менен бір-екі үй қашықтағы үйлердің арасындағы өткелге кіріп кетті. Үйден жүгіріп шықтым, сол кезде полиция оны электрошокермен соқты", - деді жергілікті тұрғын Крис Бейтс.
Қаза тапқан 14 жастағы жасөспірімнен басқа тағы алты адам зардап шеккен.
Басылымның мәліметінше, суық қарумен қаруланған 36 жастағы ер адам қамауға алынды.