Bugin

"Жылқы айдап кеткен": 3 күн бойы жоғалған азаматтың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:Көрнекі сурет. Жылқы.  depositphotos.com

Мотоциклмен жылқы айдаған Қаражал қаласының тұрғыны үш күннен кейін табылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: polisia.kz

Фото: polisia.kz

Қаражалдың 30 жастағы тұрғыны Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылдық округі мен Қаражал қаласы Шалғия кентінің елді мекендері арасында мотоциклмен жылқы айдап, жоғалып кеткен.

Жоғалған адамның туыстары 3 күн бойы іздеп таппаған. Содан кейін ғана полиция көмегіне жүгінген. Жедел-іздестіру жұмыстарына Қаражал қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері, жергілікті төтенше жағдайлар бөлімі және жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысқан.

Жоғалған адамды полицейлер Шалғия ауылынан 100 шақырым жерде даладан тапты.

Үш күн бойы із-түзсіз жоғалған Еркебұлан Сәрсекеев:

"Мотоциклімнің жанар-жағар майы таусылып, ұялы байланыс мүлдем болмады. Адасқанымды сезіп, жақын жерден елді мекен іздеп көрмек болдым. Далада екі түнеп үшінші күні полиция қызметкерлері мені тауып алды. Полиция бөлімінің басшысына және барлық мені іздеуге атсалысқан жерлестеріме алғысымды айтамын", - деп айтқан.