Bugin
Фото: Bugin.kz
Бүгін, 2 мамырда Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Тергеп-тексеру аяқталып, жарыссөз басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Салтанат Нүкенованың қорғаушылары Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарманды шақыруды сұрады. Дегенмен, судья ол кісінің бұл іске нақты қатысы жоқ екенін айтып, сотқа шақырудан бас тартты.
Еске сала кетейік, осыған дейін Назым Қаһарман өзінің сұхбатында тұрмыста болған кезде экс-күйеуі Қуандық Бишімбаевтан зорлық көргенін айтқан болатын.
Сондай-ақ, судья Айжан Құлбаева Бақытжан Байжановқа тағылған 434-бап, "қылмыс жайлы хабарламағаны" туралы айыпты алып тастады.
Айта кетейік, бұған дейін ағасына көмектескен Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:
Жарыссөз жалғасып жатыр.