Bugin

"Күдікті кәмелетке толмаған": Жамбылда 8-сынып оқушысы әлімжеттіктен қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Байзақ ауданы Құмжота ауылында мектеп оқушысы қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғары сынып оқушылары кіші сынып оқушыларын көшедегі әжетханада соққыға жыққан. Нәтижесінде 8-сыныптың бір оқушысы қайтыс болған. Оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі:

"Кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ, балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін мектеп басшылығы мен педагогикалық ұжымға қатысты қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады.